Алматыда кешқұрым уақытта Мақатаев көшесінде арнайы техника қаптап кетті


21:25, 22 қазан 2025

2025 жылы 22 қазанда кешкі сағат 21-00 шамасында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесінде орналасқан бір қабатты әкімшілік ғимарат отқа оранды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өрт сөндірушілердің оқиға орнына жоғары дабыл белгісімен аттанғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылып, оқпанмен жұмыс істейтін 4 жауынгерлік звено ұйымдастырылды. Олар ғимарат шатыры аумағында өрт сөндіруде. Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері де оқиға орнында. Жағдай бақылауда». ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Арнайы техника, Алматы, өрт сөндірушілер, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 21:25

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сурет: Zakon.kz