13:51, 21 қазан 2025
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиев 2025 жылғы 21 қазанда өткен Үкімет брифингінде жасанды интеллекттің министр немесе вице-министр лауазымына тағайындалу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазіргі заңнама мұндай мүмкіндікті қарастырмайды.
«Қазақстан – әлемде алғаш рет жасанды интеллектке арналған министрлік құрған ел. Алайда министр немесе вице-министр қызметін ИИ атқара алмайды, себебі заң бойынша бұл лауазымдарға тек жеке тұлғалар тағайындалады», – деді Мусалиев.
Вице-министрдің сөзінше, мемлекеттік қызметші міндетін тек адам ғана атқара алады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке тек жеке тұлғалар ғана қабылданады. Сондықтан әзірге жасанды интеллектке мұндай рөл беру жоспарда жоқ», – деп толықтырды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Astana Open Dialogue жобасының негізін қалаушы Александр Данилов «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз цифрлық директорын енгізу идеясын ұсынған болатын.






Leave a Reply