Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелді


17:42, 27 ақпан 2025

Бүгін, 27 ақпанда Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ауа райының бұзылуына байланысты «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-642-шақырым аралығында (Бейнеу а. — Шетпе а.) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 28 ақпан сағат 10:00 ашу жоспарланған.