Almaty Open ATP 250 титулы үшін Медведев пен Муте таласады


14:06, 19 қазан 2025

Теннистен Almaty Open ATP 250 турнирінің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қазанға белгіленген шешуші матчта ресейлік Даниил Медведев (№14) пен франциялық Корентен Муте (№41) кездеседі.

Жартылай финалда Медведев сенсацияға жол бермей, аустралиялық Джеймс Даквортты (№138) ұтты — 6:7, 6:3, 6:2.

Муте жартылай финалда америкалық Алекс Михельсенді (№36) жолдан тайдырды — 7:5, 6:4.

Еске салайық, 2024 жылы финалда канадалық Габриэль Диаллоны 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Карен Хачанов жеңімпаз атанды.