10:40, 19 қазан 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025″ турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді», — делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Астанада 18 қазанда қазақ күресінен жылдың негізгі турнирі – «Қазақстан Барысы» өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа елдің ең мықты 43 балуаны қатысты.
Палуандар абсолют салмақ дәрежесінде күш сынасты, ал жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге.
Жарыстың жеңімпазы — «Әскер Барысы» командасының атынан шыққан Марат Байқамұров болды. Финалдық белдесуде ол қазіргі чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңді. Турнирдің қола жүлдесін Маңғыстау өңірінің балуаны, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Нұрдәулет Жарлығапов иеленді.






Leave a Reply