09:02, 13 қазан 2025
2025 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Ақан Рахметуллинді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті:
«Мемлекет басшысының өкімімен Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Ақан Рахметуллин бұл қызметті 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының басқа өкімімен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып Ержан Ашықбаев тағайындалды.






Leave a Reply