15 жасар қазақстандық футболшы қайтыс болды


10:34, 13 қазан 2025

2025 жылғы 11 қазанда “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабар жайлы футбол құрамасының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы көрсетілмеген.

«Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды»,- делінген ақпаратта.

Арон «Ақтөбе U-16» құрама сапындағы алғашқы ойынын 2 тамыз күні бастады, ал соңғы рет 4 қазандағы матчта өнер көрсетті.

Бұған дейін 24 қыркүйекте «Жеңіс» футбол құрамасының 19 жасар футболшысы Виктория Кайсаринова Астана – Павлодар тас жолындағы жол апатынан қаза тапқан болатын.