Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары елден шығарылды


17:22, 26 ақпан 2025

Алматы қалалық полициясы 2025 жылы 26 ақпанда шетелдік құқық бұзушылардың елден шығарылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арада Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзып жүрген Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары туралы сөз болып отыр. 37 заңсыз мигрантты полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

«Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28 шетелдік ҚР-нан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 2 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 89 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды», — дейді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ бүгін Қарағанды ​​облысының прокуратурасы шетелдіктерге 700-ден астам уақытша тұруға ықтиярхаттың заңсыз берілуін тексеріп жатқанын хабарлады.