«Алматы аруы 2025» тәжін кім иеленді


2025 жылғы 7 қазан күні Алматының ең ару қызы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәж бен бір миллион теңгелік сертификаттың иесі – 20 жасар Лаура Ақтаева. Ол додада ақылына көркі сай екенін көрсете білді.

Сурет: Zakon.kz

Бойжеткен модель ретінде бес жылдық тәжірибеге ие, отандық және шетелдік брендтермен ынтымақтастығы бар, сондай-ақ халықаралық байқауларда да бірнеше мәрте көзге түскен.

«Бос уақытымда кітап оқығанды, би билегенді, тіл үйренгенді ұнатамын. Тарих пен мәдениетке қызығамын», – деді» Алматы аруы 2025 » байқауының жеңімпазы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Бұған дейін Джеки Чанның Алматыға неге келгені белгілі болғанын жазғанбыз.