Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Отбасының цифрлық картасының» (ОЦК) мүмкіндіктері туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, ОЦК мемлекеттік қолдау шараларына құқығы бар азаматтарға өтініш бермей-ақ 11 түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді автоматты түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, цифрлық карта арқылы келесі төлемдер қолжетімді:
- еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
- жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
- асыраушысынан айырылу бойынша төлем немесе жәрдемақы;
- бала туу және бала күтімі (1,5 жасқа дейін) бойынша жәрдемақы;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) жәрдемақы;
- мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
- көпбалалы отбасыларға жәрдемақы;
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері аналарға жәрдемақы;
- атаулы әлеуметтік көмек;
- жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Министрлік мәліметінше, ОЦК арқылы азаматтарға зейнетақы төлемдері, қандас мәртебесінің мерзімі, сондай-ақ жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар жіберіледі.
«Мемлекеттік қолдау шараларына құқық анықталған жағдайда, әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жолданады. Азамат келісімін растаған соң, өтініш автоматты түрде рәсімделіп, төлем қаражаты оның банк шотына аударылады», – деп хабарлады министрлік.
Барлық сұрақтар бойынша азаматтар 1414 нөміріне қоңырау шала алады. Қоңырау тегін.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллектіні енгізіп жатыр.






Leave a Reply