Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Әзірбайжандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша Габала декларациясына қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы сәтті сипаттайтын видео 2025 жылғы 7 қазанда Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланды.
«Түркі мемлекеттері ұйымы ХІІ саммитінің қорытындысы бойынша Габала декларациясына қол қойылды», делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан президенті ТМҰ-ның XII саммитінде сөйлеген сөзінде ұйым шеңберінде киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды ұсынған болатын. Сондай-ақ ол Қазақстан «Түркітілдес мемлекеттер ұйымы +» форматын құру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.






Leave a Reply