Қазақстанда жасанды түсік мәселесіне қатысты саясат өзгермейді


Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу қарастырылмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 7 қазанда өткен Үкімет брифингінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің тиісті сұрағына министр нақты жауап берді:

«Жоқ. Біз неғұрлым өркениетті әдістерді таңдаймыз», – деді Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Магрипа Хамитова елімізде жыл сайын 70 мыңнан астам аборт жасалатынын мәлімдеді. Көбінесе бұл — 25 пен 35 жас аралығындағы әйелдер арасында тіркеледі.

Бұған дейін министр әлеуметтік осал топтағы әйелдерге тегін контрацептивтер поликлиникаларда берілетінін хабарлаған еді.