Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды


Жапонияда магнитудасы 4,9 болатын зілзала болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, жер асты дүмпулері Хонсю аралының шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша 23:58-де (Астана уақыты бойынша 19:58-де) тіркелді.

Ал, жер сілкінісінің эпицентрі миллионнан астам халқы бар Сендай қаласынан шығысқа қарай 293 км жерде орналасқан. Ошақ 10 км тереңдікте жатты.

Бұған дейін елімізде де 6 қазанға қараған түні Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласында зілзала болды.