АҚШ президенті Дональд Трамп UFC-дің келесі жылы Ақ үйде жекпе-жек өткізетінін салтанатты түрде жариялады. Бұл оқиға оның туған күніне орай 14 маусымда өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақ үй басшысы алда өтетін UFC жекпе-жегі туралы ақпаратты бірінші болып өзі жариялады.
Аталған оқиға Ақ үйдің көгалында өтеді деп болжанады, бірақ бұл ретте нақты мәліметтер әлі берілмеген.
«2026 жылдың 14 маусымында бізде — Ақ үйдің территориясында UFC-дің айтулы жекпе-жегі өтеді». АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесі
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, UFC оқиғасының басты кейіпкерлері — әйгілі ирландиялық файтер Конор Макгрегор мен америкалық Майк Чендлер болуы мүмкін.
“And on June 14th next year, we’re going to have a big UFC fight at the White House, right at the White House on the grounds of the White House.”
President Trump announced the date for the upcoming UFC fight at the White House. It will take place on June 14, 2026.
Subscribe to… pic.twitter.com/bFvbHNenUd
— One America News (@OANN) October 6, 2025
Айта кетсек, жекпе-жекті жоспарланған өткізу күні, яғни 2026 жылдың 14 маусымы Дональд Трамптың туған күніне сай келеді әрі АҚШ президенті 80 жасқа толады.






Leave a Reply