Омбы – Майқапшағай тасжолында төрт адам қаза тапты


3 қазан күні халықаралық маңызы бар Омбы – Майқапшағай тасжолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болған:

  • қарсы бағытқа шығу;
  • тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

Сурет: Абай облысы полиция департаменті

«Аталған ереже бұзушылықтардың салдарынан төрт адам көз жұмды», — делінген хабарламада.

Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жолда аса мұқият болып, көлік тізгініндегі жауапкершілікті сезінуге шақырды.