Тоғыз жастағы қыз бала шұғыл түрде тікұшақпен Үржардан Өскеменге жеткізілді


2025 жылғы 2 қазанда күндіз ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» пилоттары Тарбағатай ауданына санитарлық рейс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақжар ауылынан тоғыз жастағы науқас қыз бала ҚР ТЖМ-нің «МИ-8» тікұшағымен Өскеменге шұғыл жеткізілді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәжірибелі ұшқыштар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге көмекке мұқтаж баланы медицина мекемесіне аман-есен жеткізген.

«ҚР ТЖМ санитарлық авиациясы өмірлік маңызды миссиясын жалғастырып жатыр, — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін 49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілген еді.