Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентіне жеделхат жолдады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 қазанда Кипр президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.