“Қайрат” – “Реал”: Мбаппе хет-трик жасады


23:17, 30 қыркүйек 2025

Алматыда өтіп жатқан Чемпиондар лигасының ойынында мадридтік “Реал” есепті 0:3-ке жеткізді., деп хабарлайды Zakon.kz.

Килиан Мбаппе 73-минутта үшінші голын соғып, хет-трик авторы атанды.

Бұған дейін ол қазақстандық команданың қақпасын 25 және 52 минуттарда дәл көздеген еді.