мәнерлеп сырғанаудан Алматыдағы турнирге ел атынан кімдер қатысады


17:42, 30 қыркүйек 2025

1 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир — Денис Тен мемориалы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс аясында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады.

Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

Ерлер:

  • Михаил Шайдоров;
  • Диас Жиренбаев;
  • Никита Кривошеев;
  • Олег Мельников.

Әйелдер:

  • София Фарафонова;
  • Амира Ирматова;
  • Вероника Коваленко;
  • Нұрия Сүлеймен;
  • Амина Алексеева;
  • Карина Исакова;
  • Русалина Шакирова.

Мұздағы би

  • Бойсангур Датиев / Гаухар Наурызова.