10:38, 30 қыркүйек 2025
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
15-30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізу, жүргізуші куәлігінсіз рөлге отыру, рұқсат етілмеген жерде маневр жасау секілді өрескел құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қабылдауда.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 және 612-бабына сәйкес хаттама толтырылып, жүргізушілерге көлік құралын қарсы бағытта басқарудың қауіптілігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті жүргізушілер! Әрбір жол қозғалысына қатысушы – өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапты. Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар, қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіздер, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар.






Leave a Reply