Энергетика вице-министрі жаңадан тағайындалды


18:05, 29 қыркүйек 2025

Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 29 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды».

Қайырхан Тұтқышбаев 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы «Орталық Азия тау-кен одағы» ҚБ-да бастаған.

  • 2011–2014 жылдары — «Degdar Engineering» ЖШС тау-кен жұмысын және тау-кен жабдығын жобалау бөлімінің инженері.
  • Әр жылдары Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директоры қызметін атқарды.
  • 2022–2023 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2023–2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2023–2024 жылдары — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2024 жылы — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және дамыту жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Graphite minerals» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министр Жұлдыз Сүлейменованы қабылдағаны белгілі.