17:59, 29 қыркүйек 2025
Қытай Халық Республикасының құрылған күніне (2025 жылғы 1–3 қазан) және Күздің ортасы мерекесін (2025 жылғы 6 қазан) тойлауға орай қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ескерту жасады.
Сонымен , аталған күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктердің өткізілуі жүзеге асырылмайды.
«Сонымен қатар, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, бұл көлік-логистикалық байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді», — дейді мамандар.
Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және азаматтарды өз бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады.






Leave a Reply