12:14, 29 қыркүйек 2025
2025 жылдың 29 қыркүйегінде Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акорданың хабарлауынша, құрметті мейманды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Рәсім барысында мемлекет басшылары бір-біріне өз делегацияларының мүшелерін таныстырды.
Сурет: akorda.kz
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік гимндері орындалды.
Тоқаев пен Маттарелла келіссөздер өткізеді.
Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылайды.






Leave a Reply