Лукашенко Қазақстанмен әуе қатынасы мәселесіндегі ынтымаққа көңілі толмайтынын айтты


11:45, 26 қыркүйек 2025

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен әуе қатынасына жағдай жасау саласындағы әріптестікке көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қыркүйекте Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен кездесу барысында Беларусь басшысы авиация саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастық мәселесін қозғады. «БЕЛТА» басылымының жазуынша, Лукашенко көтерген мәселелердің бірі – Қазақстанның жекеменшік әуе компанияларының Беларусь арқылы ұшуы.

«Біздің ұшақтарға онда қызмет көрсетілмейді, жанармай құйылмайды. Сол сияқты ресейлік ұшақтарға қызмет көрсетіледі, жанармай құйылады, ал беларусьтікіне – жоқ, – деді Президент. – Бұл жағдайды түзету керек. Қазір бұл мәселе ерекше бақылауға алынды», – деді ол.

Лукашенконың айтуынша, мұндай жағдайда Беларусь өзінің ұлттық мүдделерін нақты ұстануы тиіс.

«Біз өз мүддемізді сақтауымыз керек, – деп атап өтті Александр Лукашенко. – Егер бұл мүдделер басқа елдермен сәйкес келсе – жақсы. Сәйкес келмесе – ымыра іздейміз. Адам ретінде қарым-қатынас жасаймыз. Себебі Қазақстан – бізге жат ел емес. Бұл – ЕАЭО аясында әріптес ел. Біз әрдайым Қазақстанмен жақсы қарым-қатынаста болдық. Бұл қатынастарды бұзуға болмайды. Бірақ ұлттық мүддемізді де ұмытпауымыз керек», – деді ол.

Бұған дейін Түркіменстанда жалақы мен жәрдемақылардың өсуін тоқтату ұсынылғанын жазғанбыз.