Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды


17:21, 25 қыркүйек 2025

Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды».