Данияда дрондардың кесірінен әуе рейстері тағы шектелді


16:58, 25 қыркүйек 2025

Данияның әуе кеңістігінде тағы бірнеше белгісіз дрон байқалды.

Ұшқышсыз аппараттар 4 әуежайға жақын маңда ұшқан. Осыған байланысты елдің солтүстігіндегі Ольборг қаласының әуе терминалы ұшақ рейстерін тоқтатты.

Әзірге нақты қанша дрон ұшқаны, оның қайдан жіберілгені анықталған жоқ. Полиция бұған қатысты ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін белгісіз дрондардың ұшуынан дүйсенбіде Дания мен Норвегия әуежайларында ұшақ рейстері доғарылғанын хабарлаған едік.

Екі ел полициясы бірлесе тергеу жүргізіп жатыр.