Александр Бублик Қытайдағы турнирдің финалында ойнап жатыр


17:03, 23 қыркүйек 2025

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы қытайлық Ибин Уден басым түсіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы франциялық Валантен Руайемен өзара мықтыны анықтайды.