Қазақстанды 24 қыркүйекте ауа райы қандай болады


17:20, 23 қыркүйек 2025

Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 24 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, елдің тек батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. Онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер жаңбыр мен найзағай әкеледі, ал шығыс пен оңтүстік-шығыста – нөсер жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, түнгі сағаттарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Республика бойынша желдің күшейіп, еліміздің оңтүстігінде – шаңды дауыл, ал оңтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:

  • жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында;
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.