12:49, 23 қыркүйек 2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкімет отырысында халықты отандық құс етімен қамтамасыз ету деңгейін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш небәрі 58% болған.
«Сол уақыттан бері біз қамтамасыз ету деңгейін 82%-ға дейін жеткіздік. Яғни импортқа тәуелділікті азайттық. Бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз. 2027 жылға қарай халықты құс етімен толықтай, 100% қамтамасыз етеміз», – деді Сапаров.
Оның сөзінше, бүгінде құс еті Макинск құс фабрикасында, сондай-ақ «Прима кус», «Северный бройлер» және басқа да кәсіпорындарда өндіріледі.
«Биыл қосымша бес құс фабрикасы іске қосылады», – деп толықтырды министр.
Айта кетейік, бүгін, 23 қыркүйекте Сауда министрлігі құс еті бағасының қымбаттауын күтпейтінін хабарлаған еді.






Leave a Reply