16 жастағы қазақстандық бойжеткен 13 дүркін әлем чемпионын жеңіп, сенсация жасады


11:16, 23 қыркүйек 2025

Қазақстандық 16 жастағы спортшы Ұлболсын Елмұрат Болгарияда өткен қол күресі (армрестлинг) турнирінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Meta-ratings.kz дерегінше, финалда Ұлболсын армрестлингтен 13 дүркін әлем чемпионы, словакиялық Лусия Дебранованы айқын жеңіп шықты.