Қазақстанның орталық бөлігінде 20 қыркүйек күні -1°С дейін үсік күтіледі


17:12, 19 қыркүйек 2025

20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Республиканың көптеген өңірлерінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде -1°С дейін үсік күтіледі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де болса оңтүстіктен келетін циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста күшті жаңбыр жаууы, бұршақ жаууы және дауылды жел тұруы мүмкін… Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Тек елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының тармағының ықпалымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде келесі қауіптер болжануда:

  • Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында;
  • Төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.

Бұған дейін азақстанда ауа райы бұзылатындығын жазғанбыз.