Алматының кейбір аудандарында суық су уақытша өшіріледі


10:27, 17 қыркүйек 2025

Алматыда жаңа су құбыры желілерін тарту жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты 19 қыркүйек күні қаланың кейбір аудандарында суық су бір күнге өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматы су» мәліметінше, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Түркісіб ауданының Төменгі «Пятилетка» шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар, 19 қыркүйек күні 09:00-ден 17:00-ге дейін суық су мына аумақта ажыратылады:

  • Жароков – Сәтбаев (оңтүстік жағы) – Манас – Мыңбаев көшелерінің маңы;
  • Абай даңғылы – Манас – Мыңбаев – Әуезов көшелерінің қиылысы.

«Алматы Су» МКК келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және техникалық жұмыстар жүргізу қажеттілігіне байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеді», – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін 274-66-66 телефонына хабарласуға болады.

9 қыркүйекте санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға ауыз су сапасына қатысты үндеу жасаған еді.