Алматыда 10 балдық кептеліс тіркелді


19:11, 16 қыркүйек 2025

2025 жылғы 16 қыркүйекте, сағат 18:00-ден кейін Алматыда 10 балға жеткен кептелістер байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«2ГИС» қосымшасының дерегіне сүйенсек, кептеліс қаланың дерлік барлық бөлігінде қалыптасқан.

Сурет: Zakon.kz

10 балдық кептелістің ықтимал себептері:

  • ауа райының нашарлауы;
  • жолдардағы жөндеу жұмыстары.

Айта кетейік, Алматыда сейсенбі күні шамамен сағат 17:00-де жеңіл жаңбыр жауды. Кейін қаладағы кейбір аудандарда жауын күшейген.