Депутат Руслан Берденов Шымкент әкімдігіне қызметке келді


15:07, 24 ақпан 2025

Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына 2025 жылдың 24 ақпанында қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Бұл шешім Президент Әкімшілігімен келісілді.

Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін «Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған.