18:27, 12 қыркүйек 2025
2025 жылғы 12 қыркүйек Астана уақытымен 12:57-де Алматы қаласынан 187 км оңтүстік-батыста жер сілкінісі тіркелді. Осыған байланысты, еліміздің құтқару қызметі дүмпу кезіндегі алғашқы қадамдармен таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, ТЖМ таратқан мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам келесідей:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жеделсаты мен баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), ал көп қабатты үйлерде дүмпу аяқталған соң шығу керек;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 2205 адамға жеткенін жазғанбыз.






Leave a Reply