18:58, 11 қыркүйек 2025
16 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезең матчтары басталады. Осыған орай, еурокубок турнирінде жеңіске жетуге ықпалды үміткерлер тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Opta суперкомпьютерінің нұсқасы бойынша, осы маусымдағы басты фаворит – Англиялық «Ливерпуль». Арне Слот баптайтын команда ең жоғары – 20,4%-дық дауысты иеленген.
«Қызылдардан» кейінгі орындарда «Арсенал» (16%) мен ПСЖ (12,1%) тұр. Одан кейінгі титулға үміткерлер тізімінде: «Манчестер Сити» (8,4%), «Барселона» (8,4%), «Челси» (7%), «Реал Мадрид» (5,8%), «Бавария» (4,3%), «Интер» (3%) және «Ньюкасл» (3%).






Leave a Reply