20:51, 22 ақпан 2025
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы еркін жаттығуда үздік атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Екінші орын жапониялық Кацуки Минамиге бұйырды – 13,666 ұпай.
Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.






Leave a Reply