Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады


09:19, 7 қыркүйек 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 7 қыркүйекте Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.