08:44, 5 қыркүйек 2025
«Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы ХІІ Азаматтық форумның алғашқы күніне 80-нен астам азаматтық қоғам белсенділері қатысты.
Форумның мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыру және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолдану.
Қатысушылар цифрлық платформалар, фандрайзинг, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік сияқты 4 бағыт бойынша семинар-тренингтерге қатысты.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республикалық деңгейдегі білікті спикерлер «Digital-State: азаматтық қоғам үшін қолжетімді құралдар», «Онлайн донорлықтан смарт-фандрайзингке: жаңа қаржылық мүмкіндіктер», «AI дәуіріндегі азаматтық қоғам: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» және «Цифрлық қалқан: ҮЕҰ үшін киберқауіпсіздік және деректерді қорғау» тақырыптарында ақпарат берді.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Форумның екінші бөлігінде қатысушылар 4 әлеуметтік сала бойынша өз жобаларын әзірлеп, көпшілік алдында таныстырды. Барлығы 17 жоба ұсынылып, 50-ден астам белсенді атсалысты.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нәтижесінде мәдениет бағыты бойынша «Infilm» инклюзивті-анимациялық киноакадемиясы», білім және ғылым – «Skill Compass – кәсіби бағдар алаңы», денсаулық сақтау – «Social Батыр» және экология бағытында «Eco Maps» жобасы үздік деп танылды.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңімпаз жобалардың әрқайсысы 250 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.
Екінші күні форум аясында ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларының көрмесі, пленарлық отырыстар ұйымдастырылады.






Leave a Reply