21:33, 3 қыркүйек 2025
Астанада Арыс көпірі (М3) бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты 5-15 қыркүйек аралығында көпірде көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажеттігі де ескертіледі.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұған дейін Алматыда жаңа автобус бағыты ашылғаны хабарланған.






Leave a Reply