Автокөлікті толық қараңғылау және жылдамдықты төмендету: ІІМ позициясы белгілі болды


15:06, 3 қыркүйек 2025

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылғы 3 қыркүйекте Мәжілісте өткен брифингте ведомствоның Қазақстанда автомобильдердің алдыңғы және бүйір әйнетерін қараңғылауды заңдастыру жөніндегі ұстанымын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Сәденов ІІМ Қазақстанда автомобиль әйнектерін қараңғылауды қайта қарау ұсынысына үзілді-кесілді қарсы екенін атап өтті.

«Қазір бізде рұқсат етілген норма бар. Артқы терезелерді қараңғылауға болады – зауыттық стандарттар бар. Ал, барлық әйнектерді қараңғылау қауіп туғызады. Біз бұған қарсымыз, мұндай заң жоқ және мұндай ұсыныстар болған жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ журналистер министрдің қалаларда жылдамдықты төмендету туралы ұсынысқа қалай қарайтынын сұрады. ІІМ басшысының айтуынша, мұндай мәселе күн тәртібінде қарастырылмаған.

«Егер қала шегінде айналма жолдар болса, онда 80 км/сағ қозғалыс қарқындылығв рұқсат етілген, осы арқылы кептелістер болмайды. Біз жағдайға байланысты шешетін боламыз және ол әр жерде әр түрлі», – деп толықтырды Ержан Сәденов.

Бұған дейін Алматыда жаңа автобус бағыты ашылғанын жазғанбыз.