Үндістандық 17 жастағы пауэрлифтинг чемпионы өмірінің соңғы минуттары бейнетаспаға түсіп қалған


12:54, 21 ақпан 2025

Үндістанның Раджастхан штатында 17 жастағы пауэрлифтинг чемпионы Яштика Ачария штанганы көтеру кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times Of India газеті дерегінше, қайғылы оқиға спортшының 270 кг-дық штангыны бағындыруы кезінде болған. Белгілі болғандай, штангы қыздың мойнына құлаған, нәтижесінде ол ауыр жарақат алды.

Яштика бірден ауруханаға жеткізілді, ал онда медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын айтты.