Қытай-Қазақстан іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы басталды


09:05, 2 қыркүйек 2025

2 қыркүйекте Бейжің қаласында Қытай-Қазақстан іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акорданың жазуынша, іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян қатысуда.

«Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскерлік құрылымдарының 500-ден астам өкілі, оның ішінде Қытайдың 70-тен астам ірі корпорациясының басшылары қатысып жатыр», – делінген хабарламада.

Іскерлік кеңестің сегізінші отырысы басталар алдында Бейжіңде Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге естелік суретке түсу рәсімі өтті.

Бұған дейін Тоқаев Бейжіңге келген болатын.