Тоқаевтың Қытайдағы сапары Бейжіңде жалғасады


17:37, 1 қыркүйек 2025

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының сапары ертең, 2 қыркүйекте Бейжіңде жалғасады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.