Жамбыл облысында мас күйде қайықпен кеткен ер адам жоғалып кетті


11:27, 30 тамыз 2025

2025 жылғы 30 тамызға қараған түні Жамбыл облысының Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның танысының айтуынша, ол мас күйінде қайықпен кетіп, қайта оралмаған.

Оқиға орнына өңірлік ТЖД құтқарушылары жедел шығып, іздеу жұмыстарына арнайы техника мен су көліктерін тартты.

«Ер адам көп ұзамай тірі табылды. Ол су қоймасының жағасында болған. Медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп мәлімдеді ТЖМ.