Алматыдағы екі ХҚКО кезекшілік жұмыс кестесіне көшеді: нені білу керек


15:58, 29 тамыз 2025

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалдары – Жетісу ауданындағы (Серіков көшесі, 6а) және Медеу ауданындағы (Марков көшесі, 44) Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезекшілік тәртіппен жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекші ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00 ден 20:00-ге дейін, ал сенбіде-9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Дәл осы уақыт режимімен, қаладағы екі кезекші мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары:

  • Саялы ш/а., Аққайнар көшесі, 1
  • Кемел ш/а., Ақсуат көшесі, 118

Мамандандырылған орталықтардың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма:

  • Мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылдау: 09:00 18:00
  • Құжаттарды беру секторы: 09:00 20:00 (үзіліссіз)

Сенбі:

  • Өтініш қабылдау: 09:00 12:00
  • Құжаттарды беру: 09:00 13:00

«Қалған барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері: 09:00 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі — демалыс күні»,- деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметі

Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» қосымшасында, электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаларында бейнеқоңырау арқылы онлайн алуға болатыны еске салынды.