Алматылықтарды Есентай өзенінің түсі алаңдатып қойды


20:28, 28 тамыз 2025

Алматылықтар әлеуметтік желілерде Есентай өзенінің түсі өзгерген видеоларын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғыны өз парақшасында өзеннің суретін жариялады.

«Қазір Алматыдағы Есентай өзеніндегі су осындай» деп жазды ол.

Сурет: facebook/Victor Burdin

Zakon.kz жолдаған сауалға Экология департаментінде өзеннен (Весновка) су сынамасы алынғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Есентай өзенінің жағалауы көркейтілетінін хабарлаған едік.