Жамбыл облысында балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталды


19:12, 28 тамыз 2025

Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қозғалған қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл істі сот қарайды.

Бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, ол қамауға алынған еді.

Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.

Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.