17:15, 28 тамыз 2025
Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан Гран-при кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова жүлдегерлер қатарына енді.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз қола медаль үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.
Ахмедова вьетнамдық Тхи Ким Труонгтан 2:0 есебімен басым түсті
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шыққанын хабарлаған едік.






Leave a Reply