Испанияда дәстүрлі қызанақ атысына 120 тонна көкеніс жұмсалды


10:16, 28 тамыз 2025

27 тамыз күні Валенсиядан шамамен 40 км қашықтықтағы шағын Буньоль қаласында Испанияның ең танымал мейрамдарының бірі – «Томатина» өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Pais басылымы жазғандай, фестивальге қатысқан мыңдаған адам бір-бірін 120 тонна қызанақпен атқылаған. Әлемге танымал бұл көкөніс шайқасы жыл сайын тамыздың соңғы сәрсенбісінде өткізіледі.

«Дәстүр бойынша фестиваль ең епті қатысушылар майға малынған бағанаға өрмелеп, жүлде ретінде хамонды алуға тырысатын жарыстан басталды. Түске қарай орталық алаңға бірнеше жүк көлігі қызанақ әкелді», – делінген ақпаратта.